Әскери қызметшілер кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы: Алматы қаласы, 11 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әскери қызметшілер кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2024 жылғы 20 тамыздан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында банктердің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне банктік қарыз шарты бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді қарыз бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыру мүмкіндігін беру міндеті көзделгенін еске салады.

Мерзімді әскери қызмет өткерудің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде әскери қызметшілерге өтініш беру, әскери қызметшілердің кредитордың бөлімшесіне бару және қарыз шарттары мен кепіл шарттарына қосымша келісімдерге қол қою қажеттілігінсіз автоматты режимде кейінге қалдыру мүмкіндігін беру көзделген.

Кредитор автоматты режимде төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін бермеген жағдайда, қарыз алушы/әскери қызметші кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредитормен мәселе реттелмеген жағдайда, әскери қызметшінің Агенттікке жүгінуге құқығы бар.

Заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу туралы келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шарттары бойынша төлем мерзімі кейінге қалдырылмайтынын атап өткен жөн.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2024 жылғы 20 тамыздан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында банктердің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне банктік қарыз шарты бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді қарыз бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыру мүмкіндігін беру міндеті көзделгенін еске салады.

Мерзімді әскери қызмет өткерудің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде әскери қызметшілерге өтініш беру, әскери қызметшілердің кредитордың бөлімшесіне бару және қарыз шарттары мен кепіл шарттарына қосымша келісімдерге қол қою қажеттілігінсіз автоматты режимде кейінге қалдыру мүмкіндігін беру көзделген.

Кредитор автоматты режимде төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін бермеген жағдайда, қарыз алушы/әскери қызметші кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредитормен мәселе реттелмеген жағдайда, әскери қызметшінің Агенттікке жүгінуге құқығы бар.

Заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу туралы келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шарттары бойынша төлем мерзімі кейінге қалдырылмайтынын атап өткен жөн.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар