Солтүстік Қазақстан облысында қазақ күресінен республикалық турнир бастау алды
Петропавлда 10 облысының атынан қатысатын 100-ден астам балуанның қатысуда.
А.Винокуров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан іс-шара қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған. Турнир бір минут үнсіздіктен және бейнефильмді көруден басталды.
Жарысқа қатысушыларға ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев пен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде іс-шараның маңыздылығына, ежелгі ұлттық күресті насихаттауға назар аударды және қатысушыларға адал сайыста жеңіс тіледі.
Қазақстанның өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың
«Бейбіт күннің батырлары»
қоғамдық қоры ұйымдастырған турнир 2 күнге созылады.СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -