“SOS” батырмалары: жаздың алғашқы күнінде астаналық тұрғындар полицияға не үшін жүгінді
Астанадағы “SOS” батырмаларына жаздың алғашқы күнінде бірнеше тұрғын жүгінді.
Видеода байқалғандай, көпір маңындағы дабыл батырмасын басқан ер адам 5 жасар қызды тауып алғанын полицейлерге хабарлады. Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің ата-анасын табуға көмектесті.
Ал вокзалға жақын жердегі “SOS” батырмасына әйел жүгінді. Ол ауыр жағдайдағы қарт кісіге көмек керек екенін айтқан. Жақын маңдағы полицейлер қала тұрғынын тез арада ауруханаға жеткізді. Орталық жағалауға жақын жердегі “SOS” батырмасына 14 жастағы жасөспірім жүгініп, інісінің жоғалып кеткенін хабарлады.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тез арада тауып берді. Жерұйық саябағындағы батырманы екі әйел басты. Олар ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды тапқанын айтты. Полицейлер бұл өтінішті те назардан тыс қалдырмады. Жалпы жыл басынан бері қазақстандықтар “SOS” батырмаларына 40 рет жүгінген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -