Спортшылар «Достық» бассейніндегі жаттығуларына кірісті
800-ден астам жас спортшы қайтадан барлық қажетті жағдайлар жасалған бассейнде жаттығуын жалғастыра алады.
Ғимарат 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Пайдалануға берілген сәттен бастап жөндеу көрмеген. Кешеннің жабылуына шатырынан судың ағуы, топырағының шөгуі, жертөлесіне судың жиналуы себеп болды.
Мердігер компания «Альтаир-СК 7» ЖШС жеті ай ішінде бөлінген бюджет қаражаты 388,12 млн теңгеге ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізді, бассейнді қалпына келтірді. Енді спорт кешені жаттығулар мен жарыстар өткізуге дайын.
Айтып өткен жөн, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде спортшылардың жаттығулары тоқтатылған жоқ, олар басқа ғимаратта жаттықты.
«Күрделі жөндеу жұмыстары жеті айға созылып, уақытылы аяқталды. Негізі проблема - шатыр мен жертөледе еді. Шатыр ауыстырылды, жертөлеге оқшаулау жұмыстары
(изоляция) жасалды. 1600 шаршы метр кафель ауыстырылды, вентеляциялық жылу жүйелері жаңаланды. Ата-аналар мен балалар жаңаланған ғимаратты көріп, қуанып жатыр», - дейді бассейн директоры Ермек Жетімеков.
Ақтөбе облысында Президенттің бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық беру туралы тапсырмасына сәйкес, спорттық нысандарды салу жұмыстары жалғасуда.
t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -