Су тасқыны: Ақтөбенің Нұра ауылындағы мектепті кәсіпкер өз қаржысына салып жатыр: Ақтөбе облысы, 22 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Су тасқыны: Ақтөбенің Нұра ауылындағы мектепті кәсіпкер өз қаржысына салып жатыр

Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы 60 орындық мектеп кәсіпкердің өз қаржысына салынып жатыр. Кейін бағалау комиссиясы қорытынды шығарып, Ырғыз аудандық әкімдігі білім ордасын сатып алады.

Ырғыз ауданының әкімі мен «Қуанышбек» ЖШС ықтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кейін Нұра ауылында 60 орындық құрылыс жұмысы басталды.

«Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына келгенде жиналыс өтті. Сол кезде мектеп құрылысы, оны уақытылы тапсыру қиынға соғатыны туралы айтылды. Біз «егер біз өз қаржымызға салсақ, кейін сатып алса» деген ұсынысымызды айттық. Бұл уақыт ұттырмай, тез жұмысқа кірісу амалы. Яғни, құрылыс аяқталады, сол кезде бағалау жүреді. Кейін сол ақшаға сатып алады. Жобалау-сметалық құжатты өзіміз дайындадық. Келісім бойынша құрылыс құны 505,6 млн теңгеден аспауы тиіс», - деді Қуанышбек» ЖШС атқарушы директоры Рауан Мадинов.

Оның айтуынша, құрылыс материалдарының басым бөлігі Ақтөбе облысы аумағынан тасымалданып жатыр. Іргетасындағы бетон, қабырғасына қажетті кірпіш те Ақтөбеден тасымалданды.

«Арматура, шатыр жабындысы Ақтөбе қаласынан, жылу сақтайтын материал Мұғалжардан алынды. Құрылысты жыл аяғында аяқтағымыз келіп отыр. Тек жол қиындығы бар. Құрылыс материалдарын жеткізу кезінде көліктер жарты жолда батып, әбігерге салып тұр», - деді Рауан Мадинов.

Айта кетейік, Нұра ауылы түгел көшіріліп, Сарыоба жеріне 63 үй салынып жатыр. Құрылысқа барлығы 11 компания жұмылдырылды. Мұнда газ, су, электр желісі тартылды.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы 60 орындық мектеп кәсіпкердің өз қаржысына салынып жатыр. Кейін бағалау комиссиясы қорытынды шығарып, Ырғыз аудандық әкімдігі білім ордасын сатып алады.

Ырғыз ауданының әкімі мен «Қуанышбек» ЖШС ықтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кейін Нұра ауылында 60 орындық құрылыс жұмысы басталды.

«Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына келгенде жиналыс өтті. Сол кезде мектеп құрылысы, оны уақытылы тапсыру қиынға соғатыны туралы айтылды. Біз «егер біз өз қаржымызға салсақ, кейін сатып алса» деген ұсынысымызды айттық. Бұл уақыт ұттырмай, тез жұмысқа кірісу амалы. Яғни, құрылыс аяқталады, сол кезде бағалау жүреді. Кейін сол ақшаға сатып алады. Жобалау-сметалық құжатты өзіміз дайындадық. Келісім бойынша құрылыс құны 505,6 млн теңгеден аспауы тиіс», - деді Қуанышбек» ЖШС атқарушы директоры Рауан Мадинов.

Оның айтуынша, құрылыс материалдарының басым бөлігі Ақтөбе облысы аумағынан тасымалданып жатыр. Іргетасындағы бетон, қабырғасына қажетті кірпіш те Ақтөбеден тасымалданды.

«Арматура, шатыр жабындысы Ақтөбе қаласынан, жылу сақтайтын материал Мұғалжардан алынды. Құрылысты жыл аяғында аяқтағымыз келіп отыр. Тек жол қиындығы бар. Құрылыс материалдарын жеткізу кезінде көліктер жарты жолда батып, әбігерге салып тұр», - деді Рауан Мадинов.

Айта кетейік, Нұра ауылы түгел көшіріліп, Сарыоба жеріне 63 үй салынып жатыр. Құрылысқа барлығы 11 компания жұмылдырылды. Мұнда газ, су, электр желісі тартылды.

Аймақтағы жаңалықтар