Су тасқынынан зардап шеккен 1000-нан аса бала оқу-сауықтыру орталығында демалды
Ақтөбелік балалар мен жасөспірімдер еліміздің әр облысында орналасқан оқу-сауықтыру орталықтарында тегін демалды.
Ақтөбе өңірінде көктемгі су тасқынына байланысты 6 аудан мен облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақтардың балаларын жан-жақты қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды.
343 бала Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан сауықтыру орталықтарында демалды.
Дәлірек айтқанда, Алматы облысындағы «Тау Тұран» сауықтыру орталығында 100 оқушы, Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында 50 оқушы, Ақмола облысындағы «Балдәурен-Щучинск» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 75 оқушы, Түркістан облысында орналасқан «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығында 28 оқушы, Алматы облысындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 48 оқушы, Қарағанды облысындағы «Балдәурен-Балқаш» оқу-сауықтыру орталығында 42 оқушы орналасып, сауықтырылды.
Сонымен қатар, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында Қобда және Ойыл аудандарының 8 оқушысы демалды.
Тағы бір айтып өтерлік жайт, су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауыл балаларына «Талант тур» жобасы жүзеге асырылды. Жоба 2 ауысымға жоспарланып, Әйтеке би, Ойыл, Ырғыз,Темір, Қобда және Мұғалжар аудандарынан 500 баланың демалысы ұйымдастырылды.
Ал, «Жаздық жолдама» жобасы аясында 36 бала қамтылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен төтенше жағдайға ұшыраған отбасы балаларына арналған «Туған елге саяхат» экскурсиясымен 24 бала қамтылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -