Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу толық көлемде жүргізілді
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин хабарлады.
А.Бердалин эпизоотиялық жағдайды сақтау, сондай-ақ жануарлардың өлімінен болған шығынның орнын толтыру бойынша ведомство қабылдаған шаралар туралы мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, су басу кезінде өңірлерде 139 378 бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды.
Бүгінгі күні өлген малдың саны 12 450 басты құрады, оның ішінде 5 108 - ҰҚМ, 4 326 - ІҚМ, 1 724 жылқы және т.б. Барлық мал өлекселері жиналып, жойылды.
Су тасқыны салдарын жою бойынша іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл эпизоотиялық жағдайды сақтауға және залалды өтеуге көшуге мүмкіндік берді.
«Мал өлімінің шығындарын өтеу мақсатында Министрлік 2024 жылғы 4 сәуірде су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу бойынша алгоритм бекітті, содан кейін 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрық қабылданды. Халықтан өтінім қабылдау және өлген мал үшін өтемақы төлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 өңірде 2,4 млрд.тг сомасында өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін төлемдер жүргізілді», - деп қортындылады вице-министр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -