СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ: ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Жезді кентінде су тасқынынан апатты деп танылған үйлердің орнына баспана салу жұмыстары басталды.
Сәтбаев көшесінің бойына әрқайсысы 80 ш.м. болатын үш үй салынады.
Қазіргі таңда іргетасын құю үшін қазу жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер ұйым: «ҚазМыс Құрылыс» ЖШС.
Бұл жерде инженерлік желілер, су жүйесі жүргізілген.
Айта кетейік, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға мемлекет тарапынан 100 АЕК есебінде өтемақы берілді, оған қоса, шығын болған тұрмыстық техникалар және жиһаздар мен қажетті заттар демеушілер қолдауымен сатып алынды. Зардап шеккен Жезді кентіндегі қалған 7 үй мен Талдысай елдімекеніндегі 9 үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін баспана иелеріне бағалау нәтижесіне сай қаражаттарды есепшоттарға аудару жұмыстары басталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -