Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат
Шымкент қаласында, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген ТЖМ құтқарушыларының бір бөлігі жұмыстар толық аяқталғанға дейін Атырау облысында қалады.
Солтүстік Қазақстан облысында су басқан аула аумақтарынан суын сору жұмыстары аяқталды. 13 саяжай үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. ТЖМ 52859 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар құрғатылған 127 үйде дезинфекциялық жұмыстар жүргізді.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 17 учаскеде қуатты жылжымалы және тіркемелі сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. ТЖМ 20942 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар құрғатылған үйлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізді.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Белшер және Нұра ауылдарында 85 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалуда. Өткен аптада 37 жеке тұрғын үй мен 2 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. ТЖМ 20942 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді.
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 10 жеке тұрғын үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада 4 жеке тұрғын үйден судың бағыты бұрылды. Құрғатылған үйлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуді. Қауіпті учаскелерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Өткен тәулікте судың деңгейі төмендегені байқалады.
Республика бойынша эвакуацияланған 64 653 адам өз үйлеріне оралды. 4 645 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 11 881 жеке тұрғын үй мен 3 644 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 29,1 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8,1 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 2 028 адам, 434 техника, 97 су сору құралы және 36 жүзу құралы жұмылдырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -