Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат: Астана қаласы, 23 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өткен тәулікте  Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 18 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 129 550 текше метр су сорылды.

Атырау облысының Құлсары қаласы мен Индер ауданының Индербор ауылында су басқан аумақтардан 85 861 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Жайық өзенінің алқаптарында су деңгейінің жоғарылауына және қорғаныш жер бөгетінің шайылуы салдарынан Махамбет ауданының Жалғансай ауылын су басу қаупі туындады. Халықты хабардар ету жүргізілді, тұрғындардың бір бөлігі өздігінен эвакуацияланды.  154 адам, оның ішінде 96 бала орта мектеп базасындағы эвакуациялық пунктке орналастырылды. Бөгеттің шайылуын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Қазіргі уақытта бөгеттің шайылуы жойылды. 22 300 қап және 1 800 тонна инертті материалдар төселді, қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 1 300 қапшық пен 110 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте және түнгі уақытта 309 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 668 адам өз үйлеріне оралды. 5 498 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 24,4 млн артық еріген қар суы сорлып, 11 300 жеке тұрғын үй мен 3 604 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 162 адам, 662 техника, 244 су сору құралы және 54 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар