Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 9 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Су басқан 4 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 64 600 текше метр су сорылды.
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде су басқан аумақтардан 61 808 текше метр су сорылды. Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су сору жұмыстары аяқталды. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 2 400 қапшық және 230 инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.
Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында жаңбыр суы басқан 11 аула аумағынан, көшелер мен жолдың жүретін бөлігінен су сору жұмыстары жалғастырылуда. 9 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Өткен тәулікте 5 мыңнан астам текше метр су сорылды.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте 209 598 текше метр су сорылды.
Республика бойынша эвакуацияланған 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5 307 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 27,3 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8,1 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 138 адам, 659 техника, 250 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -