Судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері базалар мен демалыс аймақтарының иелері мен жалға алушыларының қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – суда демалу кезінде қауіпсіздік ережелері мен шараларының сақталуын қамтамасыз ету. Іс-шара аясында тұрғын үй секторлары мен шағын аудандардағы қала тұрғындарымен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсініктеме жұмыстары өткізілді.
Осы ережелерді сақтаудың маңыздылығы жадынамалар мен буклеттерді тарату, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жаппай баратын орындар атап өткенде: «Юбилейный» шығынауданы, «Сити Плюс» сауда орыны, «Жетісу» базары, азық-түлік, шаруашылық дүкендері және қоғамдық көліктерде үгіт-насихат материалдарын ілу жұмыстары атқарылды.
Бұл шаралар қала тұрғындары мен қонақтарының суда қауіпсіз уақыт өткізуге қатысты хабардарлығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Алматы облысы ТЖБ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -