Судьялар сенаторлармен Конституциялық Соттың шешімдерін іске асыру мәселелерін талқылады
Конституциялық Соттың судьялары Сенат спикерінің орынбасары Жақып Асанов бастаған бір топ палата депутаттарымен кездесті. Кездесуде Конституциялық Сот пен Парламенттің заңнаманың өзекті құқықтық мониторингі және тиімді нормашығармашылық қызмет мәселелеріндегі өзара іс-қимылы талқыланды.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова сенаторларды өткен жылдың қаңтар айында қайта құрылған конституциялық бақылау органы қызметінің нәтижелерімен таныстырды. Іске қосылған уақыттан бері 6,7 мыңнан астам өтініш түсіп, 42 нормативтік қаулы шығарылғаны айтылды.
Кездесу барысында судьялар депутаттарға кейбір аяқталған істер туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, олар заң шығарушылардың назарын Конституциялық Соттың тұрғын үйге қол сұғылмаушылық туралы конституциялық нормаларды түсіндіру, қылмыстық заңнаманың жекелеген нормаларының конституциялылығы, мемлекеттік қызмет, сот жүйесі және азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалар туралы шешімдердегі құқықтық ұстанымдарына аударды.
Судьялар Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету үшін Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Конституциялық тексеруден кейін Конституциялық Сот 32 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізуді ұсынды, оның 5-і іске асырылды, 3-і ішінара орындалды, ал қалғандары орындау процесінде.
Кездесу соңында тараптар Конституциялық Сот пен биліктің заң шығарушы тармағы арасындағы ашық диалогты қолдау мақсатында осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу уағдаластығына қол жеткізді, бұл ұзақ мерзімді перспективада елдегі заңнаманы одан әрі жетілдіруге алып келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -