Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясында білім, спорт және апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлер қорын жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелер талқыланды
Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылғы 3-тоқсанның отырысы өтті.
Іс-шара барысында субъектілердің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары қарастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кең ауқымды жұмысты іске асыру мақсатында отырыста төмендегі мәселелер қаралды:
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы; Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы; Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлер қорын жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданатын шаралар туралы.Аталған салалар 2023-2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зерттеу нысандары болып табылған.
Отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындау бойынша нақты мерзімдер белгіленді. Жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.
Жетісу облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Фототілші: Дмитрий Ерофеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -