Құтқарушылар Қарқаралы ауданындағы дала өртімен әліде арпалыс үстінде
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара маңындағы дала өртін сөндіру жалғасуда. Жұмысты жедел штаб үйлестіріп отыр. Өрт аумағы үлкен. Тілсіз жаумен күресті қатты жел, таулы ландшафт және өрт ошақтарына кіреберіс жолдардың болмауы қиындатып отыр.
– От шарпыған жалпы алаң – 21 000 га. Облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда. Жұмылдырылған күштер өртке қарсы күрес және өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков.
Өрт жерде де, көктен де сөндірілуде. 400-ден астам адам – кәсіби құтқарушылар мен ерікті өрт сөндіру жасағының мүшелері, 68 бірлік техника, үш ұшқышсыз ұшу аппараты және екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысы ТЖД жедел желі телефоны жұмыс істейді: (8-7212) 51-72-23.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталды. Оны жою үшін құтқарушылар оқиға орнына бірден жетіп, жедел өрт сөндіру штабы орналастырылды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында жедел штабпен кеңес өткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -