Құтқарушылар ержүрек Тараздық тұрғынға алғыстарын білдірді
Ағымдағы жылдың 16 мамырында Қуаныш есімді жігіт Айша бибі көшесінде өз шаруасымен кетіп бара жатып, кенеттен көшенің қарама-қарсы тұсынан, нақтырақ айтқанда металл қоршаумен қоршалған дренаждық каналдың бүйірінен бес жасар қыздың шырқыраған дауысын естіген. Қуаныш еш ойланбастан жол бойындағы қоршаулардан секіріп өтіп, көмек сұраған қыздың жанына демде жетіп барған. Кішкентай баланың абайсызда су арнасына құлап, шыға алмай қалғандығын түсініп, жедел түрде тіпті киімін де шешпестен жалмажан суға секіріп, баланы судан алып шыққан. Ол одан әрі жедел жәрдем шақырып, ал әлгі баланы шұғыл келіп жеткен полицейлерге тапсырған. Қуаныш Еркінбекұлы Ұлтырақ есімді азамат осылайша өзінің жанқиярлық батырлық әрекетінің арқасында кішкентай Бекжанды құтқарып, оған екінші өмір сыйлады.
Ержүректігі мен батылдығы үшін, төтенше жағдайда уақтылы көмек көрсеткені үшін, бұл адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді, Ұлтырақ Қуаныш Еркінбекұлына құтқарушылар Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының атынан алғыс хат табыс етті және оның іс-әрекетіне терең құрметпен, қол сағатын сыйға тартты.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -