Құтқарушылар күні: азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапаттарға ие болды
1
9 қазанда Қазақстанда
Құтқарушылар күні атап өтіледі. Бұл
–
өрт сөндірушілердің, азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің және су
да
құтқару қызметтерінің кәсіби мерекесі.
Ерлік пен ержүректіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген маман иелерінің
құрметіне қалалық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінің
ғимараты алдында
тұрғындарды
құтқаруға арналған
жаңа
техника
лар
мен
құрал-
жабдықтар
дың
көрмесі
келушілер назарына ұсынылды
. Көрмені арала
ған
облыс әкімі құтқару техникасын бағалап, оның заманауи және жоғары тиімділігін атап өтті.
Биыл
Төтенше жағдайлар департаментін материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында
облыстық бюджеттен
1,8 млрд теңге бөлінді, оған 8 бірлік арнайы техника мен 588
әртүрлі құтқару құралдары сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Құтқару
шыларды
кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Асхат Шахаров азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда халықты қорғауда
олар
маңызды рөл
атқаратынын алға тартты.
К
ез
-
келген уақытта
көмекке дайын тұратын
дығы,
жанқиярлығы
және
кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
«
Президент өз сөзінде: «
Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс
.
Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі
», - деген
еді
.
Биылғы жыл
құтқарушылар үшін үлкен сынақ
жылы
болды.
С
у тасқыны кезінде құтқарушылар тұрғындарды, олардың мал-мүлкін, үйлерін барынша сақтап қалу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл табиғи апатта жолдардың, көпірлердің қирауы да құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірсе де,
олар
жанқиярлықпен қызмет жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды.
Нәтижесінде, төтенше жағдайлар қызметімен 1605 адам құтқарылды
,
оның ішінде 43-і
–
бала. 11 599 адам эвакуацияланды, 188 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді
.
Апаттармен күрес, адамдарды құтқару және қайғылы оқиғалардан кейін
гі жағдайды
қалпына келтіруде
де
Сіздердің
күш
-
жігер
лері
ңіз ең жоғары
мақтауға
лайық
»
, - де
ді
әкім
.
Құттықтаудан кейін өңір басшысы ерекше көзге түскен қызметкерлерді алғыс хат
тармен
марапаттады.
Қ
ұтқарушылар
дың
бірқатары
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Қаһ
арман Оразалин
нің қолынан ТЖ министрі бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгісін,
«
Құтқарушы» төс белгісін, сондай-ақ, адал және жауапты қызметі үшін ТЖ министрінің
г
рамотасы
және а
лғыс хатын алды.
Мерекелік шара
ның соңы
облыстық филармония әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -