Құтқарушылардың киім-кешегіне қатысты ақпарат: Астана қаласы, 04 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құтқарушылардың киім-кешегіне қатысты ақпарат

ҚР ТЖМ «Выход к правде» телеграм-каналында және «Ұлыс медиа» басылымында жарияланған Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушыларының құрал-жабдықтарына қатысты жарияланым туралы түсініктеме береді. Аталмыш  қызмет ТЖМ құрылымына кірмейді. Алматы қаласы әкімдігінің иелігінде болғандықтан, олар осы қызметті жабдықтауға жауапты.

Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты 20 жедел-құтқару жасағы, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел-құтқару жасағы бар.

ЖҚЖ құтқарушылары құрлықта, суда, су астында, биік тауларда және қауіптілігі жоғары объектілерде ерекше күрделі құтқару операцияларын орындайды, дүлей зілзалалар салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді.

Ведомстволық бұйрыққа сәйкес ЖҚЖ құтқарушылары үшін азаматтық қорғау органдары құтқару бөлімшелерінің арнайы нысанды киім-кешегі бекітілді, тиістілігі мен тозу мерзімі көрсетілген нысанды киім-кешек үлгілері белгіленді.

Сонымен қатар құтқарушылар киім-кешегі түсінің сәйкестігіне қатысты қызғылт сары түс халықаралық стандарттар мен төтенше жағдайларды белгілеу жүйелерінде кеңінен қабылданғаны туралы түсініктеме береміз. Бұл киім-кешектің маңызды элементі, сонымен қатар мамандық пен құтқарушылардың ТЖ-ға дайындығын білдіреді. Бұл бірлескен операцияларды жүргізу кезінде халықаралық ұйымдармен және құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл мамандарды оңай анықтауға және төтенше жағдайда көмек сұрауға көмектеседі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР ТЖМ «Выход к правде» телеграм-каналында және «Ұлыс медиа» басылымында жарияланған Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушыларының құрал-жабдықтарына қатысты жарияланым туралы түсініктеме береді. Аталмыш  қызмет ТЖМ құрылымына кірмейді. Алматы қаласы әкімдігінің иелігінде болғандықтан, олар осы қызметті жабдықтауға жауапты.

Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты 20 жедел-құтқару жасағы, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел-құтқару жасағы бар.

ЖҚЖ құтқарушылары құрлықта, суда, су астында, биік тауларда және қауіптілігі жоғары объектілерде ерекше күрделі құтқару операцияларын орындайды, дүлей зілзалалар салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді.

Ведомстволық бұйрыққа сәйкес ЖҚЖ құтқарушылары үшін азаматтық қорғау органдары құтқару бөлімшелерінің арнайы нысанды киім-кешегі бекітілді, тиістілігі мен тозу мерзімі көрсетілген нысанды киім-кешек үлгілері белгіленді.

Сонымен қатар құтқарушылар киім-кешегі түсінің сәйкестігіне қатысты қызғылт сары түс халықаралық стандарттар мен төтенше жағдайларды белгілеу жүйелерінде кеңінен қабылданғаны туралы түсініктеме береміз. Бұл киім-кешектің маңызды элементі, сонымен қатар мамандық пен құтқарушылардың ТЖ-ға дайындығын білдіреді. Бұл бірлескен операцияларды жүргізу кезінде халықаралық ұйымдармен және құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл мамандарды оңай анықтауға және төтенше жағдайда көмек сұрауға көмектеседі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар