"Тіл-Қазына" орталығының жаңартылған ғимараты таныстырылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті.
Министр тіл үшін қызмет етіп жүрген ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, қазақ тілінде жасанды интеллект құру – ортақ әрі аса маңызды мақсат екенін баса айтты.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосып жүрген орталық қызметкерлерін келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жаңартылған ғимаратта табысты еңбек етулерін тіледі.
«Тіл-Қазына» орталығында қызметкерлер үшін заманауи Open Space форматындағы ашық кеңістік қайта жабдықталып, жаңартылған ғимаратта конференц зал, кітапхана, демалыс және спорт бөлмелері ашылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -