Тұрғын үй сертификатын кім ала алады?
Көкшетау қаласында тұрғын үй алуға кезекте тұрған және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде конкурсқа қатысушы болып табылатын алушылар санаттарының тізбесіне сәйкес келетін жеке тұлғалар:* мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;* көп балалы отбасылар;* Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.* Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.
Бұл ретте өтініш беруші мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1. еңбек (кәсіпкерлік қызметтен) түскен табысы болуы (отбасының әрбір мүшесіне 134561,7 теңгеден жоғары емес)2. Конкурстан өту, төлем қабілеттілігін бағалау-банктің мақұлдауын алу;3. Отбасы банкінен қарыз сомасын, бастапқы жарнаның мөлшерін, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлем сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хабарлама алу.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -