Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2024 жылдың 10 шілдеден басталады: Ақмола облысы, 09 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

 Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2024 жылдың 10 шілдеден басталады

       Отбасының соңғы 6 айдағы (2024 жылғы қаңтардан 2024 жылғы маусымға дейін) жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне 134561,7 теңгеден аспаған жағдайда, 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде кредиттік негізде тұрғын үй алуға ниет білдірген және конкурстан өткен тұлғалар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдауын (онда қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы көрсетілген) қоса бере отырып, тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады.       Бұл жерде отбасының жиынтық табысы ретінде отбасы мүшелерінің расталған табысы есептелетінін атап өткен жөн.       Тұрғын үй сертификатына құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдайды. Әкімшісі -«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ (Шалқар к-сі, 9 «а» мекенжайы бойынша), операциялық зал, 2-терезе арқылы жүзеге асырылады.       Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұрын – «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде кредиттік негізде тұрғын үй сатып алатын бір азаматқа бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабуға әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады.       Кеңес алу үшін 298106, 298124 телефондарына хабарласыңыздар.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Кокшетау»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>       Отбасының соңғы 6 айдағы (2024 жылғы қаңтардан 2024 жылғы маусымға дейін) жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне 134561,7 теңгеден аспаған жағдайда, 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде кредиттік негізде тұрғын үй алуға ниет білдірген және конкурстан өткен тұлғалар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдауын (онда қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы көрсетілген) қоса бере отырып, тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады.       Бұл жерде отбасының жиынтық табысы ретінде отбасы мүшелерінің расталған табысы есептелетінін атап өткен жөн.       Тұрғын үй сертификатына құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдайды. Әкімшісі -«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ (Шалқар к-сі, 9 «а» мекенжайы бойынша), операциялық зал, 2-терезе арқылы жүзеге асырылады.       Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұрын – «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде кредиттік негізде тұрғын үй сатып алатын бір азаматқа бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабуға әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады.       Кеңес алу үшін 298106, 298124 телефондарына хабарласыңыздар.</p>

Аймақтағы жаңалықтар