Тұрғындардың мәселелері тыңдалды
Облыс әкімі Асхат Шахаров «AMANAT» партиясы ғимаратында кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Тұрғындардың кейбірі денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу сияқты жеке мәселелерін айтса, енді бірі туризмді дамыту, ауылға спорт кешенін салу, газ және ауызсу тарту, мектеп пен жол құрылысы туралы сөз қозғады.
Қабылдауда қаузалған ұсыныс-пікірлер, өтініштер, түрлі сауалдар назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы мемлекеттік органдардың тарапынан толық зерделенеді, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Көп сұрақтың жауабы қабылдау барысында берілді.
Өңір басшысы Темір ауданының Еңбекші ауылына ауызсу тартуды сұрап келген тұрғынға аталған мәселе
бойынша жұмыстар жүріп жатқанын, келер жылы
толыққанды шешілетінін алға тартты.
Ал
көгілдір отын
осы айда
беріледі.
Қала
маңындағы аймақ - Шилісай
тұрғын алабында
тұратын ақтөбелік
те
р
мектеп салу жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Әкім атап өткендей,
білім ордас
ын
биыл тапсыру жоспарлануда.
Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдіктегі форнт-кеңсеге келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -