Тұрғындардың талап-тілегі – басты назарда
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасы бойынша Жамбыл облысындағы барлық деңгейдегі әкімдер, басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды тұрақты түрде қабылдап, мәселелерін назарға алуда.
Мәселен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкев 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен биылғы жылдың 14 тамызы аралығында 42 жеке қабылдау өткізіп, 629 азаматтың мәселесіне құлақ түрді. Олардың қатарында Тараз қаласы мен барлық аудан тұрғындары бар.
Айта кету керек, бірінші басшылардың жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдау өткізу жиілігі және онда қамтылған тұрғындар бойынша республикада Жамбыл облысы алдыңғы қатарда.
Қабылдауда болған 202 азаматтың өтініш-тілегі шешімін тауып, 427 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда қабылдау кезегінде 28 адам тұр.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 231 азаматты қабылдады.
Негізінен қабылдауға жазғылған тұрғындардың дені әлеуметтік мәселерді, үй, жер, жұмыспен қамту бойынша өтініш білдіреді. Бұл ретте барлық мәселе тек тиісті заңнама талаптары аясында ғана жүзеге асатыны түсіндіріледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өзге де лауазымды тұлғалар азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне зер салып, кері байланыс орнату жұмыстарына көңіл бөлуде. Айталық, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен аудандар әкімдері 172 мәрте жеке қабылдау өткізіп, 992 азаматпен жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Тараз қаласы мен әр ауданда жылына бір рет көшпелі кездесуі ұйымдастырылады.
Өңір басшысы өткен жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін 2400 тұрғынды қамти отырып, 15 кездесу өткізді.
Сонымен бірге тұрғындардың өтініштері бойынша жоспардан тыс жүздесулер де тұрақты түрде өтіп келеді.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ағымдағы жылы 76 елді мекенді аралап, 134 нысанның жұмысымен танысты. Тараз қаласы мен облыс аудандарына іс-сапарлар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -