Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады
Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Оған облыстық мәслихат төрағасы, қала әкімі, салалық басқарма басшылары мен департамент өкілдері қатысты.
«Amanat» партиясында өткен қоғамдық қабылдауда 20-дан аса ақтөбеліктің сұрағы қаралды.
Тұрғындар баспана алу және оны қайта құрылымдау, жұмысқа орналастыру сияқты әлеуметтік, сондай-ақ, құқықтық және коммуналдық сипаттағы мәселелерді қаузады. Өңір басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдады.
Мемлекеттік орган басшыларына тұрғындардың мәселелері бойынша шараларды заң аясында қабылдау үшін тиісті тапсырмалар берді. Толығырақ зерделеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауына алды.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -