Тұрақты тәуелсіз өз бюджетінсіз жергілікті проблемаларды дербес шешу мүмкін емес, - Ақмола облысының әкімі
Ақмола облысының барлық деңгейдегі 250-ге жуық әкімі Көкшетауда өткен форумға қатысты. Пленарлық бөлімде облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен бюджеттің дербестігі мен тәуелсіздігіне баса назар аударылды.
«Бюджеттің дербестігі үшін мықты іргетасын қалау қажет. Бұл сіздердің салық салынатын базаңыз. Осы мақсатта облыстық деңгейден салықтық түсімдерді беру жүзеге асырылуда», - деді Марат Ахметжанов.
Осылайша, өткен жылдан бастап аудан бюджеттеріне шағын және орта бизнес субъектілерінен корпоративтік табыс салығының бір бөлігі берілді.
Нәтижесінде облыстың 8 өңірі – Атбасар, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Целиноград аудандары және Степногорск пен Көкшетау қалалары өзін-өзі қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда салықтарды одан әрі беру мәселесі қаралуда, бұл түпкілікті нәтижесінде ауыл әкімдері бюджеттерінің кіріс бөлігінің артуына және олардың дербестігін одан әрі көтеруге әсер етеді.
«Алайда, салықты беру арқылы ғана кіріс бөлігін нығайту жеткіліксіз. Салық базасын кеңейту бойынша барлық шараларды қолдану керек. Ауыл әкімдерінде табыстылықты арттыруға салықтық және салықтық емес төлемдердің дұрыс және толық жиналуы есебінен ғана қол жеткізуге болады», - деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ, М. Ахметжанов нақты мысалдар да келтірді. Атап айтқанда, ауылдарда дүкендер ашылуда, үйден сату жүзеге асырылуда, тұрғын үйді жалға береді, ЖК ресімдеусіз жолаушылар тасымалымен айналысады және тиісінше салық төлемейді.
«Бұл жағдайда, сіздер – ауыл әкімдері осындай фактілерді анықтауға мүдделісіздер. Себебі жергілікті өзін-өзі басқарудың кірістілігі осыған тікелей байланысты», - деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -