Тұран даңғылының учаскесі бірнеше күнге жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 3-5 тамызы аралығында толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -