Тіректерді, жарықтандыру элементтерін жуу және сырлау
Ақтөбеде электр бағандары, әртүрлі жарық беру нысандарының тіректерін (опоры), элементтерін жуып тазалау және бояу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды міндетіне алған мердігер мекеме “АКТ инвест холдинг” ЖШС қалалық ТҮКШ (ЖКХ) бөлімімен 600 тіректі сырлау бойынша келісім шартқа отырған.
«Біз қазір Орск және Хромтау бағытындағы трассаларда, Абай даңғылы және Ленинградская көшесінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда бірінші этапта жоспарланған жұмыстар толық аяқталды. Яғни, біз 600 бағанды тазаладық, жудық, бояу берік тұруы үшін грунтовка жақтық және бір қабат бояу жағып шықтық. Енді екінші кезеңде осы 600 тіректі қайтадан сырлап шығамыз. Жалпы жұмыстарды 1 ай бұрын бастадық. Толық жұмыс келесі аптада аяқталады. Егер жасаған жұмысымыз бүлінсе, кепілдік аясында қайта қалпына келтіретін боламыз”, - деді мердігер Серік Ержанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -