Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысына дайындық бойынша сараптамалық отырыс
Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысына дайындық бойынша сараптамалық жұмыс тобының отырысы Астана қаласында 2024 жылғы 8 қыркүйекте Казпатент ғимаратында (Ұлттық зияткерлік меншік институтында) өтті.
ТМҰ Бас хатшысының орынбасары С. Джафаров, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан Әділет министрліктерінің өкілдері отырысқа қатысты.
Отырыс барысында сарапшылар а.ж. 9 қыркүйекте жоспарланған ТМҰ Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысына дайындық бойынша негізгі мәселелерді және Кеңестің негізгі уағдаластықтары мен одан әрі жұмыс бағыттарын бекітетін Астана декларациясының жобасын талқылады.
Кездесу жылы, достық жағдайда өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -