ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫНДА ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Сайрам ауданында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын ұрпақ тәрбиесіне қатысты семинар-кездесу ұйымдастырылды. «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында өткен іс-шара облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен аудан, қалаларда жүйелі қолға алынған.
Алқалы басқосуға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Семинар-кездесу барысында облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков ұрпақ тәрбиесі және бұл бағытта Ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жайлы жан-жақты баяндама жасады. Жиналған көпшілікке бүгінгі өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беретін ақыл-кеңестер айтылды. Өз кезегінде аудан зиялылары да жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды.
Жиналған көпшілік «осындай маңызды мәселе төңірегінде қоғам болып атсалысып, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетуіміз керек» деп тарасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -