ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазығұрт ауданындағы іссапарында Жаңабазар ауыл округіндегі «Ардагерлер үйіне» барды. Аудан ақсақалдарымен кездесіп, еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, ел бірлігін сақтау, аумақты дамыту жөнінде сөз болды.
Кездесу барысында «Ардагерлер үйінің» төрағасы Жорабек Сүйеубеков бұл ұйымның атқарып жатқан істері және алдағы жоспарымен таныстырса, ал қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Бекет Тұрғараев та ел бірлігі туралы ойларын ортаға салып, алғысын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан істерге ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта ұрпақ тәрбиесінде мәдениет, спорт бағыттарына жастарды көбірек баулу керектігін айтты.
Одан соң Ертай Кенжебекұлы Қызылқия ауыл округінің орталық футбол алаңында болып, спорттық нысанның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл алаң жеке кәсіпкер, меценат Жармахан Тұяқбаевқа сенімгерлік бағытта беріліп, кәсіпкер өз қаржысы есебінен біршама құрылысын жүргізген еді. Ендігі жерде кәсіпкердің бастамасымен облыстық спорт басқармасының балансына беру мәселесі көтеріліп, облыс әкімінің орынбасары осы бағытта жұмыс атқарылатынын атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -