Түркістан облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесулер өтті
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тұрсынғали Төреғалиұлының қатысуымен Сайрам ауданының жастары, ұрыс-қимыл ардагерлері, спорт саласының қызметкерлері және этнос өкілдері тығыз шоғырланған аймақтардағы тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жалпы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – өңірдегі тұрғында арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы халқымыздың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында теріс діни ағымдардың белгілері, адамдарды экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері мен кибер алаяқтық туралы мәселелер де кеңінен қозғалды.
Тақырыпқа байланысты бітқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
Жалпы кездесулерге 150-ден астам азамат қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -