ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Ахмет Ясауи университетінде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» жобасының екінші кезеңі аясындағы форсайт сессиялар өз жұмысын бастады.
Жобаның басты мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін дер кезінде болжау, нәтижелерді талдау және сол арқылы талапкерлерге ерте кәсіптік бағдар беру.
Бұл кезең – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен бірлесе жүргізіліп жатқан «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атластарын әзірлеу» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға өңірдің негізгі жұмыс берушілері, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, университеттің мен колледждердің оқытушы-профессорлар құрамы қатысып жатыр.
Жобаның екінші кезеңінде форсайттық зерттеу әдістемесі мен оның қолданылуын үйрететін өңірлік форсайт сессиялар ұйымдастырылды. Онда Түркістан облысы үшін стратегиялық маңызы бар салалар ретінде анықталған: құрылыс, ауыл шаруашылығы және туризм салалары бойынша өзекті тақырыптар талқыланып жатыр.
Қатысушылар форсайт сессиялардың нәтижесінде: жоғары оқу орындары мен колледждердегі жаңа білім беру бағдарламалары, салаға қажетті мамандарды озық даярлау, жұмысшы кадрлардың тапшылығын қысқарту сынды өзге де маңызды мәселелері шешімін табады деп сенім білдірді. Осы себепті қатысушылар, салалар бойынша негізгі мәселелерді талқылап, қажетті дағдылар мен жаңа мамандықтарды анықтауға тырысады.
Айта кетейік, «Мамандығым – болашағым» жобасы – ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында кадрларға өңірлік қажеттілік карталарын (жаңа мамандықтар мен құзыреттердің өңірлік Атластары) қалыптастыру мақсатында жүзеге асуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -