ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ: Түркістан облысы, 02 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысы – туризм саласын дамытуда әлеуеті жоғары өңір. Әсіресе, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндіктер бар. Облыста туризм саласын дамытумен қатар ұлттық қолөнер ісін дамыту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыс қолөнершілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында облыстың саланы дамытуға,

қолөнершілердің кәсібін өркендету мақсатында арнайы механизмдер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. Жиынға Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдаулет Медеуов, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразакова, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директор орынбасары Ербол Әуелбеков, «Qazaq-Oner Turkistan Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйімбай және «Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Индира Икапова қатысып, баяндама жасады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласының өзінде 40-тан астам қолөнерші жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау шарасын қабылдай отырып, қолөнершілер санын 100-ге дейін, ал дайын өнімді сатуды қолөнершілердің сериялық өндірістерді ашуы есебінен 2 есе ұлғайту күтілуде. Осы уақытқа дейін жергілікті қолөнершілердің ортақ мәселесі – өз өнімін ұсына алатын бірыңғай алаңның жоқтығы болып келеді. Бұл ретте, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда. Басқосуда қолөнер шеберлері өзекті мәселелерді ортаға салып, өңірдің қолөнер саласын дамыту мен насихаттау бағытында ұсыныстарын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы – туризм саласын дамытуда әлеуеті жоғары өңір. Әсіресе, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндіктер бар. Облыста туризм саласын дамытумен қатар ұлттық қолөнер ісін дамыту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыс қолөнершілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында облыстың саланы дамытуға, <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>қолөнершілердің кәсібін өркендету мақсатында арнайы механизмдер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. Жиынға Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдаулет Медеуов, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразакова, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директор орынбасары Ербол Әуелбеков, «Qazaq-Oner Turkistan Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйімбай және «Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Индира Икапова қатысып, баяндама жасады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласының өзінде 40-тан астам қолөнерші жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау шарасын қабылдай отырып, қолөнершілер санын 100-ге дейін, ал дайын өнімді сатуды қолөнершілердің сериялық өндірістерді ашуы есебінен 2 есе ұлғайту күтілуде. Осы уақытқа дейін жергілікті қолөнершілердің ортақ мәселесі – өз өнімін ұсына алатын бірыңғай алаңның жоқтығы болып келеді. Бұл ретте, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда. Басқосуда қолөнер шеберлері өзекті мәселелерді ортаға салып, өңірдің қолөнер саласын дамыту мен насихаттау бағытында ұсыныстарын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар