Тұрмыстық газ қаупін қалай азайтуға болады
Қарағанды облысында жыл басынан бері газ баллондарын пайдалану кезінде сегіз оқыс оқиға болды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті. Негізгі себеп – қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.
Қайғылы статистиканы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Ведомстволардың басшылары газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылау туралы айтты. Бірақ ең алдымен тұтынушылардың өздері қауіпсіздік ережелерін есте сақтауы керек: өздерінің және басқалардың өміріне қауіп төндірмеуі тиіс.
Брифингте айтылғандай, облыста газ және газбен жабдықтау саласында жұмыс істейтін 16 кәсіпорын есепте тұр.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Ерболат Шортанбаев жүргізіліп жатқан тексерулер туралы хабарлады.
Тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп газ толтыру станциялары мен пункттерін аралау жүргізіледі. Газ баллондарын есептен шығару, кәдеге жарату, тексеру бойынша жұмыс басты назарға алынбақ.
Газ баллонын пайдалану мерзімі – 25 жыл. Осыдан кейін оның жөнделуі немесе есептен шығарылуы туралы шешім қабылдануы керек.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңға сәйкес, жеке үйлердегі газ жабдықтарының жарамдылығы үшін тұтынушылардың өздері жауап береді.
– Газ жабдығы – аса қауіпті құрал екенін түсіну керек! – деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Тамерлан Әбілқасымов. – Жабдықты орнату кезінде қаражатын үнемдеу үшін тұтынушылар бұл салада тәжірибесі жоқ кейбір әуесқойларды жалдайды. Менің ойымша, сертификаттары, лицензиялары бар ұйымдардан білікті мамандарды шақыру өте маңызды.
Сондай-ақ, автомобильге газ құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салынатыны туралы ұмытпауымыз керек. Тек мамандандырылған кәсіпорындарға хабарласу керек.
Заң газ баллондарын екі қабаттан жоғары ғимараттарда сақтауға және пайдалануға жол бермейді. Бұл үшін 7 АЕК, ереже бұзғаны қайталанса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Тұрғындар мұндай бұзушылар туралы хабарлай ма деген сұраққа Тамерлан Әбілқасымов келесідей жауап берді.
– Өтініштер келіп түседі, бірақ бір өкініштісі, көбінесе тұрғындар ресми мәлімдемеден бас тартады, олар: біз сізге телефон арқылы хабарладық, әрі қарай өздеріңіз шешіңіздер дейді. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес тексеруді бастау үшін мемлекеттік органда негіз болуға тиіс. Тиісінше, біз барлық азаматтарға бұл процесс құқықтық салада тиісінше жүруі үшін өтініш жазыңыздар, фактілерді қосыңыздар, біз сіздермен бірлесіп жұмыс жасаймыз деп түсіндіруге тырысамыз. Егер осыдан кейін де адамдар ынтымақтастықты жалғастырудан бас тартса, кез келген жағдайда біз осы көпқабатты үйді бақылауға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Яғни, пәтерді аралау, онда тұрғындарға ықтимал қауіп турады түсіндіріледі, – деп қосты ол.
Төтенше жағдайға ікеп соғуы мүмкін кез келген күдік туындаса, шұғыл қызметтердің телефондары арқылы хабарлауға болады: 101, 104 немесе 112.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының нөмірі: (8-7212) 42-11-05.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -