Төтенше жағдайлар министрінің құттықтау сөзі
Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері, қызметкерлері, әскери қызметшілері, құтқарушылары, курсанттары мен қызметшілері, баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
1995 жылы Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция уақыт сынынан өтіп, өмірдің барлық салаларында заң үстемдігін қамтамасыз ете отырып, құқықтық мемлекетті құру үшін табанды негіз болды.
Жаңғырту процесстерін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастауларды нығайтудың және Қазақстанның қалыптасу жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы бола отырып, мемлекеттің басты заңы ел болашағының даму стратегиясын айқындауға мүмкіндік берді. Осының арқасында қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық қауымдастықта айтарлықтай орны бар.
Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, азаматтық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі қоғаммен сапалы жаңа қарым-қатынастар құру және оның сенім деңгейін арттыру болып табылады.
ТЖМ қызметкерлері құтқару ісінде алдағы уақытта да конституцияда бекітілген азаматтардың өмірлерін сақтауда өз қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындайтынына сенім білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, бейбіт өмір және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.
Ш. Әрінов
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-майор
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -