Тағайындау
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандос Қанатұлы Ақыл 2024 жылғы 20 желтоқсанынан бастап Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жандос Қанатұлы 1996 жылы туылған, білімі жоғары, 2018 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы, 2021 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инженері болып бастаған.
Әр жылдары «Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -