Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу: Астана қаласы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында ауданы 7,7 га құраған    1 орман өрті орын алды.

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мақсатында, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мобильді топтармен бірлескен 178 рейдтік іс-шара өткізіп, 3905 тұрғынға жадынамалар таратты. Рейдтік іс-шара барысында, өрт қауіпсіздігі талаптары мен абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 479 960 теңге болатын 23 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 1874 адамды қамтыған 58 жиын және 18 дөңгелек үстел өткізілді.

Өрт қауіпті кезеңінде өрттер мен жануларға жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті төмендегідей өрт қауіпсіздігі талаптарын:

орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамауды;

орман ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына, қалың өсімдік арасында от жақпауды;

табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамауды;

құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеуді;

табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмауды;

ауыл шаруашылығы техникаларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріп пайдалануды сұрайды.

БҚО ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында ауданы 7,7 га құраған    1 орман өрті орын алды.

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мақсатында, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мобильді топтармен бірлескен 178 рейдтік іс-шара өткізіп, 3905 тұрғынға жадынамалар таратты. Рейдтік іс-шара барысында, өрт қауіпсіздігі талаптары мен абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 479 960 теңге болатын 23 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 1874 адамды қамтыған 58 жиын және 18 дөңгелек үстел өткізілді.

Өрт қауіпті кезеңінде өрттер мен жануларға жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті төмендегідей өрт қауіпсіздігі талаптарын:

орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамауды;

орман ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына, қалың өсімдік арасында от жақпауды;

табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамауды;

құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеуді;

табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмауды;

ауыл шаруашылығы техникаларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріп пайдалануды сұрайды.

БҚО ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Аймақтағы жаңалықтар