Талдықорған қаласының жағажайы маңынан 3 тонна қоқыс шығарылды
Талдықорған қаласында қалалық жағажайы тазаланып, одан 3 тонна қоқыс шығарылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Қалалық жағажай – Талдықорғандағы халық көп баратын көрнекті демалыс орындарының бірі. Ол биылғы маусымдағы жұмысын 1 маусымда бастаған болатын. Жалпы жағажай жылына екі рет тазартылады. Жағажайды кешенді тазарту жұмыстарына 30 адам, 4 техника жұмылдырылды. Жағажайдың маңынан 3 тонна қоқыс шығарылды», - дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақжан Төлеубай.
Жалпы Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акция аясында 1-2 тамызда 3 км арық желілері, Балықты өзенінің жағалауы тазартылды. Сенбілікке 500-ден астам адам, жүк тасымалдайтын және қоқыс тиейтін 6 техника тартылды. Оның ішінде жастар ұйымдарының, қалалық мекемелер мен кәсіпорындары, пәтер иелері кооперативтері мен жеке кәсіп иелері жұмылдырылды. 3 шақырым арық желілері тазаланып, бей-берекет жатқан қоқыстар жиналып, жалпы көлемі 75 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -