Талдықорғанда қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие тұрғындардың жаңа санаты белгіленді
Талдықорған қаласының 40 мыңнан астам тұрғыны жеңілдік алатын санаттарға жатады. Қала бойынша 4933 көпбалалы аналар тіркелген, оның ішінде тегін жүру билетімен 2500 ана қолданады. Сондай-ақ, қалалық тасымалдаушылардың өз қаражаты есебінен 70 жастан асқан зейнеткерлердің тегін жол жүруі жүзеге асырылады. Жыл сайын есту және көру бойынша ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері мен желтоқсан оқиғасының қатысушыларына 750 дана тегін жол жүру билеттері берілді. Айта кетейік, Талдықорған көп балалы аналар мен оқушы-студенттерге тегін жол жүруді жүзеге асыратын жалғыз қала болып табылады, ал басқа қалаларда жол жүру құнының 50% шегеріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -