Талдықорғандықтар Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарын еске алды
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарын еске алу шарасы өтті.
Айтулы шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, алапат сынақтан зардап шеккендерді бір сәт үнсіздікпен еске алып, Невада – Семей қозғалысының маңызын атап өтіп, салтанатты жиында сөз сөйледі.
«Семей полигоны мен Чернобыль апатының халқымызға әкелген зардабы мен қасіреті орасан зор екендігі тарихтан белгілі. Әр апаттың табиғаты басқа болғанымен, қасіреті бір. Қаншама азаматтарымыз өмірі мен денсаулығынан айырылғаны баршаға аян. Халқымыздың басынан өткен қилы заманды және ел еңсесін көтерген жетістіктерді жас ұрпақтың білгені өте маңызды. Бүгін біз Семей – Чернобыль апаты құрбандарына арналған ескерткішті орнату арқылы, құрбан болған азаматтарға бас иіп, тағзым етіп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы өз қолымызда» атап өткендей өткенімізді ұмытпай, болашаққа нық қадам жасауымыз қажет»,-деді Ернат Бәзіл.
Шара соңында Талдықорған қаласының «Жеңіс» саябағынан бой көтерген Семей ядролық сынақ полигоны және Чернобыль апаты құрбандарына қойылған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -