Тараз қаласында «Менің әкем – батыр!» байқауы өтті
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндіруші-құтқарушылардың 7 және 12 жас аралығындағы балалары мен отбасы мүшелерінің қатысуымен «Менің әкем – батыр!» байқауы өтті.
Аталған байқауға барлығы 8 команда қатысты, 4 кезең бойынша өткізілді. Сондай-ақ «Жас суретшілер» байқауы да аталған байқаумен қатар ұйымдастырылды. Шара барысында Жамбыл облысы ТЖД бастығы полковник Арман Токанов шараға қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеп, шараны ашты. Ал Жамбыл облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсет Биназаров, қызметтің құрметті ардагерлерінің бірі Роза Қуатбекова, қызмет бастығының орынбасары,азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов әділқазылар алқасы ретінде қатысты.
Бірінші кезеңде балалар өздерін және отбасыларын таныстырып, өздерінің әкелерінің атқарған ерлік істері бойынша қысқаша әңгімеледі. Сондай-ақ байқаудың екінші кезеңінде балалар өрт сөндіру қызметіне қатысты, яғни өртке жол бермеу, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша дайындалған викториналық сұрақтарға жауап берді. Ал байқаудың үшінші кезеңінде, яғни шығармашылық кезеңінде балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Соңғы үшінші кезеңде өрт сөндірушінің өрт кезінде киетін жауынгерлік киімін неғұрлым жылдам әрі дұрыс орындау бойынша жарысты.
«Менің әкем – батыр!» байқауының қорытындысы бойынша Тараз қаласы №2 МӨСБ-нің «Алатау» тобы үшінші орынды иеленді. Ал Жуалы ауданы №7 ӨСБ-нің «Сұңқар» тобы екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Тараз қаласы №3 ӨСБ-нің «Болашақ» тобы жүлделі бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар «Жас суретшілер» байқауы бойынша үшінші орынды Қалдыбек Раяна иеленді. Ал Досымбек Айару екінші орынды иеленсе, жүлделі бірінші орынды Құрманғали Ақтөре жеңіп алды.
Байқау аяқталған соң балалар өрт сөндіру бөліміне кіріп, өрт сөндірушілердің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысып, өрт сөндіру автокөліктермен және авариялық-құтқару жарақтарын жақыннан тамашалады.
Жамбыл облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -