Таразда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтеді: Жамбыл облысы, 20 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Таразда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтеді

2024 жылғы 21 мамырда Тараз қаласында өңірлік ғылымды дамыту мәселесі бойынша ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтеді.

Іс-шара М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Атырау қаласында өткен III Ұлттық құрылтай отырысында Ұлттық академия ұсынған «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасын іске асыру аясында ұйымдастырылады.

Отырысқа Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар вице-министрлері, ҚР Парламенті қос палатасының депутаттары, «ҰАҒББО» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Ғылым қоры» АҚ, ЖОО және ҒЗИ басшылары, өңірлік бизнес субъектілері қатысады.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылымды дамытуға жіті көңіл бөлініп, проблемалық мәселелер анықталуда.

Аймақтық ғылым жүйесінде зерттеуші ғалымдардың тек 35 пайызы жұмыс істейді. Нәтижесінде барлық ішкі шығындардың 66 пайызы, бағдарламалық-нысаналы және базалық қаржыландырудың 79 пайызы, ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың 75 пайызы Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Жергілікті бюджеттерден ғылымды қаржыландыру көлемі өте төмен, оның үлесі 2023 жылы Ғылыми зерттеулерге жұмсалған жалпы шығындардың 0,4 пайызын ғана құрады.

Отырыс барысында қатысушылар аталған мәселені шешуге бағытталған нақты шаралар бойынша бірқатар мәселені талқылайды.

Ең алдымен Мемлекет басшысының жергілікті жерлерде ғылым мен технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестер құру және оларға қажетті өкілеттіктер беру, оларды мемлекеттік органдардың, ғылыми-білім беру және қоғамдық ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтың жергілікті жерлерде өндірісті ғылыми қамтамасыз ету және инновацияларды дамыту және кадрлар даярлау бөлігінде қызметін үйлестіру жөніндегі құрылымдарға айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау болып табылады.

Сондай-ақ, бұл өңірлер деңгейінде ғылымды қаржыландыру, жергілікті бюджеттердің ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және оларды өндіріске енгізуге қатысуы, өңірлік проблемаларды шешу үшін ғылыми зерттеулерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру, осы процеске бизнестен қаражат тарту, сонымен бірге, жергілікті жерлерде ғылымды дамыту қорларын құру мәселелері.

Өңірдің ғылыми ұйымдарын басқаруына, жергілікті жерлерде білім тарату орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың рөліне ерекше назар аударылады.

Ұлттық ғылым академиясы жоғарыда аталған іс-шараларды Жамбыл облысының аймағында пилоттық режимде жүзеге асырып, оны кейіннен еліміздің барлық өңірлерінде қолданысқа енгізуді ұсынады.

Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 21 мамыр (сейсенб), сағат 10:00-де

Өтетін орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7

Жауапты тұлға: Нұрдәулет Асан (+7 707 316 0920).

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима Жамбылской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар