Тарихи сәт: елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Елордалық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 97 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Ризабек финалда ирандық Махди Морафахты айқын жеңіспен тізе бүктірді.
Ризабек Айтмұханның финалға дейінгі қарсыластары:
1/8 финал – Каллум Виллиам Нокс: 11:0;1/4 финал – Владислав Козлов 10:0;1/2 финал – Шамил Имам Гаджалиев 7:4;
Финал – Махди Морафах 11:6.
Айта кетейік, Ризабек 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын, сондай-ақ осы жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік доданың үздігі атанды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -