«Таза Қазақстан» акциясы: елордалық еріктілер мұқтаж жандарға қамқорлық пен қолдау көрсетеді
«Таза Қазақстан» және «Игі істер марафоны» акциялары аясында елордалық еріктілер мұқтаж адамдарға көмектесуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Биыл «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қолдауға мұқтаж азаматтардың аулаларында қар тазалауға көмектесуді жалғастырып жатыр. Жыл сайын осы акциялар аясында еріктілер зейнеткерлердің, мүгедектердің және басқа да мұқтаж адамдардың үйлеріне барып, оларға үй-жайларды тазалауға, аулаларды қардан тазартуға және басқа да тұрмыстық шаруаларды орындауға көмектеседі.
Бүгін еріктілер мүмкіндігі шектеулі елорда тұрғынының үйіне барып, ауласында қар тазалау акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты-көмекке мұқтаж жандарды қолдау.
«Жыл сайын «Астана жастары» еріктілері ардагерлерге, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері біз 10 үйде қар тазаладық», - деді «Астана жастары» ЖРО волонтерлік қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.
Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызметкерлерге де көмектесуде. Еріктілер қала тіршілігі үшін маңызды жұмыс атқарып жатқан жандарға тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату бойынша акциялар өткізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -