«Таза Қазақстан»: Қарағанды орман алқаптарында құс ұялары орнатылуда
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Қысқы уақытта орманшылар мен аңшылық шаруашылығының мамандары жабайы жануарларды ғана емес, құстарды да қоректендірумен айналысады. Бағдарлама аясында суық ауа райы басталғаннан бері құстарға арналған шамамен 200 ұя мен жемсалғыш орнатылды. Олар тек орман алқаптарында ғана емес, қалалық аумақтарда да орнатылуда.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының орманшылары жемсалғыштар мен ұяларды қолда бар материалдардан жасайды. Қыс бойы құстарға арналған жемсалғыштарда азықтың жеткілікті болуын қадағалайды.
Бүгін Кирзовод зауыты ауданының ағашты алқабында 10-нан астам құс ұясы орнатылды.
– Қыста құстар біздің көмегімізге өте мұқтаж, өйткені аязды күндері мен қар қалың болғанда, оларға өздігінен азық табу қиынға соғады. Сондықтан мен облыс тұрғындарын бей-жай қалмауға, мүмкіндігінше жемсалғыштар мен құс ұяларын жасап, оларды қала аумағында орналастыруға шақырамын. Алайда, құстарды азықтандыру кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Құстарды тұзды, қуырылған, бұрышталған тағамдармен, сондай-ақ тоқаштармен, жаңа піскен ақ нанмен, қара нанмен немесе бадаммен қоректендіруге болмайды, – дейді Қарағанды облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының аңшысы Александр Москаленко.
2024 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында экологиялық «Таза Қазақстан» акциясының аясында жеті ірі және ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Оған семинарлар, тренингтер, ақпараттық акциялар, форумдар және мәдени-бағдарламалық іс-шаралар кірді. Бұл іс-шаралар экологиялық сауаттылықты арттыруға, экологиялық мәдениетті дамытуға және азаматтарды қоршаған ортаны жақсарту бойынша белсенді іс-әрекеттерге тартуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді қамтыды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -