«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты: Астана қаласы, 23 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордадағы «Жетісу» саябағында Canadian International School Astana мектебінде оқушылар мен ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Алалған мектепте JUNO эко-арт клубы белсенді түрде жұмыс істейді. Клуб мүшелері саябақтағы құстарға жем салатын үйшіктер мен астауларды орналастырды. Белсенділер жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған арнайы жобаларын жүзеге асырып, елордадағы табиғатты қорғауға ниетті.

«Оқушыларымыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан құсқа жем салатын үйшіктерді орналастыру идеясы экологияны сақтауға бағытталған. Мақсатымыз – табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғауда белсенділік танытып, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы проблемаларға үн қосу. Мектеп басшылығы студенттердің идеясын бірден қолдады. Себебі мектебімізде білім алатын балалардың академиялық білімін ғана арттырмай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоғамдағы азаматтық белсенділігін арттырғымыз келеді», - деді мектеп директоры Дмитрий Зеброфф.

Ал 11-сынып оқушысы Саида Кокушева жем салғыштарды қалай жасағанын айтты.

«Құстарға суық мезгілде жемді оңай табуға көмектесу үшін біз ұялар мен жем салғыштар жасап, орнатуды ойластырдық. Интернеттен жем салғыштарды жасау жөніндегі қызықты материалды тауып, соған қарап, өз қолымызбен жасап шықтық. JUNO эко-арт клубымызда біз әртүрлі экожобалармен айналысамыз, себебі қоршаған ортаны сақтау, экология мәселелері және экологиялық білім беру – бұл адамдардың назарын аударып, айтылуы қажет маңызды тақырыптар деп санаймыз», - деді Саида Кокушева.

Бұдан кейін іс-шараға қатысушылар жүгіру марафонына қатысты.

Естеріңізге салсақ, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар