«Таза бейсенбі»: Астанадағы қар полигонынан 70 тонна қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында Алматы ауданындағы қар полигонында және оған іргелес аумақта жалпы тазалау жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Экологиялық акцияға Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, AMANAT партиясының мүшелері, елордалық мәслихат депутаттары, еріктілер және ауданның белсенді тұрғындары қатысты.
«А-1 көшесінде орналасқан полигон аумағын тазалауға 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Олар – төрт жүк тиегіш және 16 самосвал. Бұл акцияның негізгі мақсаты елорда тұрғындарына эко мәдениетті сіңіру болып саналады, сондықтан әрбір қала тұрғыны әлеуметтік жауапкершілікті, біреуі кәсіпорны аясында, ал енді бірі өз ауласындағы жауапкершілікті сезінуі керек», – деді Алматы ауданы әкімі аппаратының ТҚҰ бас маманы Нұрғазы Үсен.
AMANAT партиясы Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ақтайлақова акцияға 100-ден астам адам қатысқанын айтты.
«Іс-шараға бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары, еріктілер мен белсенділер қатысты. Оның барысында 70 тоннадан астам қоқыс шығарылған акция Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды», – деді ол.
Айта кетейік,«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда.
Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -