«Тазалық - баршамызға ортақ іс»: алматылық зейнеткерлер скандинавиялық серуендеуді қоқыс жинаумен ұштастырды
Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады.
Науқан аясында «Тазалық – баршамызға ортақ іс» атты спорттық плоггинг өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары скандинавиялық серуендеуді қаладағы саябақтар мен скверлерде қоқыс жинаумен ұштастырды.
Қарт алматылықтар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастырғаны үшін қала билігіне алғыс айтып, жас ұрпақты сүйікті қаласын таза ұстап, қорғауға, үйлерінің аумағын күтіп-баптауға шақырды.
«Қала тазалығы баршаға керек және бұл ортақ іс», – дейді зейнеткерлер.
Айта кетейік, Республика күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының барлық бөлімшесінде мерекелік концерттер өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -