Теміртау қаласының мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану жөніндегі жұмыс туралы» тақырыбында семинар өтті
14 қараша 2024 ж. Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында Теміртау қаласының мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану жөніндегі жұмыс туралы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара басында Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Серікқызы қонақты таныстырып, семинардың маңыздылығын атап өтті.
Семинардың лекторы Қарағанда облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер комиссиясының сараптама тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы жүргізді.
Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Әрбір қатысушыға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -