Теміртау Мәдениет сарайында «Біздің ортақ үйіміз» ХV қалалық ерекше қажеттіліктері бар көркемөнерпаздар шығармашылығының қалалық фестивалі болып өтті.
Фестивальдің құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және Теміртау Мәдениет сарайы болып табылады. Биыл мерейтойлық ХV фестивальде ерекше қажеттіліктері бар 36 теміртаулық өнер көрсетті. Олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы шығармашылықпен айналысады және әртүрлі фестивальдердің, көрмелердің және концерттердің тұрақты қатысушылары.
Нұрсая Рзағали – фестивальге үнемі қатысып жүрген танымал әнші. Кішкентай өнерпаз өзінің әншілік мансабын 2018 жылы бастады, қазір ол қалалық ғана емес, сонымен қатар облыстық фестивальдердің де жарық жұлдызы. Атап айтар болсақ, «Қыран елім Қазақстан» республикалық байқауында, «Жұлдыз болғың келсе» және «Бала шабыты» халықаралық байқауларында Бас жүлде жеңіп алған.
Фестиваль қатысушыларының арасында жеке орындаушылармен қатар отбасылық өнерпаздар да бар. Дергилевтер отбасы өздерінің музыкалық ансамблін құрды. Фестивальде олар музыкалық попурри орындады. Ал Матюшиндер отбасы триосы фестивальге бірнеше жылдан бері қатысып келе жатқан отбасылық ансамбль, олар бұл жолы да жаңа қырынан танылып, көрермендерді қуантты.
Фестивальдің көптеген қатысушылары поэзияны жақсы көреді және сүйікті шығармаларын жазуға немесе көрермендер алдында оқуға аса ынталы. Мысалы, Кристина Райковская өзінің «Лето жаркая пора» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ол жақында ғана аса ауыр ота жасатқан-ды, соған қарамастан бойындағы ерік-жігерін жиып, жанына шуақ төгетін осы мерекеге қатысты.
Дарынды шеберлер сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері көрмесіне экспонаттар дайындады. Лариса Карпова – бірде бір фестивальден қалған емес, оның жұмыстары әрдайым әр түрлі техникада орындалады. Ол іріктеу туры осы «Біздің ортақ үйіміз» фестивалі болып табылатын «Жан шуағы» облыстық фестиваліне де қатысады.
Теміртауда мүгедектердің әртүрлі санаттарына көмектесетін бірнеше бірлестік бар. 1938 жылы нашар есітетіндер клубы пайда болды. 2018 жылы ол саңыраулар мәдениетінің үйі бола отырып, 40 жылдық мерейтойын атап өтті және «Біздің ортақ үйіміз» фестивалін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кейінірек Мәдениет үйі қаланың мүгедектеріне есік ашып, жұмысын кеңейтті. 2019 жылдан бастап Теміртау Мәдениет сарайының мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімі ерекше қажеттіліктері бар дарынды адамдарды жинауды жалғастыруда. Бөлім меңгерушісі Ярослава Косулина.
«Теміртау қаласының қалалық есту қабілеті нашар мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын 2010 жылы бастады, мүлдем есітпейтін және есту қабілеті нашар мүгедектерді өз қамқорлығымен біріктірді. Қоғамның сурдоаудармашылары әр түрлі мемлекеттік мекемелердегі есту қабілеті нашар адамдарға ым-ишара мен дактиль алфавитін аудару арқылы көмектеседі. Қоғамды Татьяна Джуба басқарады.
Ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Ангел мой» қоғамдық бірлестігі 2010 жылы ашылды. 2014 жылдан бастап оның төрайымы - Нина Попова. Ұйым логопед, психолог және музыка қызметкерлерімен бірге ерекше балаларға арналған Монтессори сабақтарын өткізеді. Ерекше балалар барлық қалалық фестивальдерге қатысады.
Қазақ зағиптар қоғамының филиалы Теміртауда 70 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді, көру қабілеті нашар адамдарға түрлі мәселелерде көмектеседі. Бірақ ең бастысы, қоғам зағип және көзі нашар көретін қала тұрғындары үшін қарым-қатынас пен демалыс орны. Қазақ зағиптар қоғамының Теміртау филиалының төрағасы Валида Гарифуллина фестиваль аясында өлең оқыды.
Үздіктер облыстық «Жан шуағы» шығармашылық фестивалінде өнер көрсететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -